МЕНЮ

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) — уақытша материалдық қиын жағдайға тап болған адамдар мен отбасыларға мемлекеттік қолдаудың ерекше түрі

АӘК алуға - Қазақстан азаматтары, қандастар, босқындар, шетелдіктер, және жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын елде тұратын азаматтығы жоқ адамдар құқылы.

Кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейімен (ЕТКД) байланысты және оның шамамен 70% құрайды. Бірақ оның мөлшері әр аймақта тоқсан сайын нақтыланады және бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) жарияланады.

2024 жылға арналған ел бюджетінде ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) 43 407 теңгеге тең, ал кедейлік шегі мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты белгіленеді. Аз қамтылған отбасылар өз кірістерін жарияланған деректермен салыстыра алады және АӘК ала алатынын анықтай алады.

Егер тәрбиеленушінің ата-анасы (заңды өкілі) қазіргі уақытта АӘК алушы болса, баланы мектепке дейінгі ұйымда тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін мыналарды ұсыну қажет:

1.Өтініш берушінің(отбасының) АӘК алушыларға тиесілігін растау туралы мәліметтер

2.Баланың туу туралы куәлігі (көшірмесі)

3.Ата-анасының (заңды өкілінің) жеке куәлігі (көшірмесі)

© 2024. КГКП Детский сад "Кораблик" отдела образования города Темиртау управления образования Карагандинской области