Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы №07/01 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-аналар төлемінің мөлшерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы №16/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысын орындау, тамақтану үшін ата-аналар төлемінің мөлшерін реттеу, бухгалтерлік есепті ретке келтіру мақсатында (балалардың тамақтануы үшін төлемді есептеу және келмеген күндер үшін қайта есептеулер жүргізу) БҰЙЫРАМЫН:
1. 2023 жылғы 7 ақпаннан бастап мектепке дейінгі ұйымдағы баланың тамақтануы үшін ата-аналар төлемінің мөлшері белгіленсін :
- 3 жасқа дейінгі балаларға айына 16000,00 теңге;
- 3 жастан асқан балаларға айына 17000,00 теңге;
2. Медбикелер: Наталья Васильевна Субботина, Юлия Владимировна Лебедева Indigo.kz электронды «Азық-түлік» модулі жүйесінде тамақ құнын төлеу бөлігінде өзгерістер енгізіп, бекітілген құнға сәйкес тәрбиеленушілерді тамақтандыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. Топ тәрбиешілері осы бұйрықты қол қою арқылы тәрбиеленушілердің заңды өкілдерінің (ата-аналарының) назарына жеткізсін.
4. Іс жүргізуші Кудайбергенова Гайни Бакытовна осы бұйрықтың мәтінін мектепке дейінгі ұйымның сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бухгалтер Анастасия Сергеевна Клюеваға жүктелсін.
Директор М.Ткачева