«Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Білім министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығы негізінде Теміртау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамы бойынша материалдық-техникалық базаны дамытуға, мектепке дейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етуге жәрдемдесу үшін ұсыныстар қабылдау туралы хабарлайды. «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 наурызда № 32011 болып тіркелді.
Құрметті ата-аналар, меценаттар, жергілікті өкілді және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері, Теміртау қаласының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласының білім бөлімінің «Кораблик»бөбекжайы» КМҚК әкімшілігі сізге қамқоршылық кеңестің жұмысына қатысуды және мектепке дейінгі білім беру ұйымды алқалы басқару ісінде толық құқылы серіктес болуды ұсынады.
Кандидат құжаттарының тізімі:
1) өтініш (еркін түрде);
2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ;
3) түйіндеме қазақ және орыс тілінде;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Кандидаттар кәсіптік (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтерді ұсынады.
Мектепке дейінгі ұйымның Қамқоршылық кеңесінің құрамына мыналар кіруі мүмкін:
1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (мектепке дейінгі ұйымның ата-аналар қоғамдастығының жалпы жиналысында іріктеуден өтеді)
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса);
3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы және / немесе құқық қорғау органдарының өкілдері;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері;
5) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса);
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса)
Кандидаттардан өтініштерді қабылдау мерзімі:
11.09.23 -30.09.2023 жылды қоса алғанда .
Құжаттарды жіберу:
- пошталық мекен-жайы: 101404 Қарағанды облысы, Теміртау қаласы,
Металлургтер даңғылы, 20/1
-электрондық мекен-жайы : Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
8 (7213) 41-52-00 телефоны бойынша хабарласуға болады