МЕНЮ

Апталық аясында екі жас ерекшелігі тобындағы тәрбиеленушілерге патрульдік полиция қызметкерлерінің қатысуымен танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Инспекторлар балалармен жол қозғалысы ережелері және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру туралы әңгіме жүргізді. Балаларды негізгі жол белгілерімен таныстырып, олардың мағынасын түсіндірді, сондай-ақ жолдан қауіпсіз өту ережелерін еске түсірді.

Тәрбиеленушілер әңгімеге қызығушылықпен қатысып, полиция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Балалар жол белгілері мен жолда жүру ережелері туралы білімдерін бекітті.

Іс-шара балалардың жас ерекшеліктеріне сай, қызықты әрі танымды түрде өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – тәрбиеленушілердің көшеде және жол бойында қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру, жол қозғалысы ережелерін саналы түрде сақтауға тәрбиелеу.

© 2026. КГКП Детский сад "Кораблик" отдела образования города Темиртау управления образования Карагандинской области