МЕНЮ

Балалар тазалықтың, табиғатты аялаудың және қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын талқылады. Еңбек тәрбиесі аясында олар шаң сүртіп, тәрбиешінің көмекшісіне қолғабыс етті, ойыншықтарды жинап, бөлме өсімдіктерін күтіп-баптады.

Бүлдіршіндер өздерін нағыз көмекші сезініп, тәртіп пен тазалық күнделікті жасалатын игі істерден құралатынын түсінді. Мұндай шаралар еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа және үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелейді.
Тазалық әрқайсымыздан басталады!

© 2026. КГКП Детский сад "Кораблик" отдела образования города Темиртау управления образования Карагандинской области