МЕНЮ

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!

Балаларды қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына қабылдау келесі кесте бойынша жүзеге асырылатын болады:

Қабылдау үшін қолжетімділікті ашу күні

Жас санаты

Балалардың туылған жылы

2026 жылғы

1- маусым

орта жас тобы

(3 жас)

2023 жылғы қаңтардан 31 желтоқсанға дейін

2026 жылғы

8 - маусым

ересектер тобы

(4 жас)

2022 жылғы қаңтардан 31 желтоқсанға дейін

2026 жылғы

15- маусым

мектеп алды тобы

(5 жастан бастап)

2021 жылғы қаңтардан 31 желтоқсанға дейін

2026 жылғы

22- маусым

Кіші жас тобы

(2 жастан бастап)

2024 жылғы қаңтардан 31 желтоқсанға дейін

Бұл қызмет түрі мектепке дейінгі жастағы баланың ата-анасының бірімен (заңды өкілімен), Internet жүйесіне қол жетімді, https://indigo.ootemirtau.e-orda.kz/ru/ электрондық порталында тіркелген бір

құрылғыдан жеке кабинетке кіру арқылы жүзеге асырылады. Интернет болмаған жағдайда- мектепке дейінгі ұйымға жүгініп, және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдалануға болады.

Білім бөлімі келесі күні қандай мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар пайда болатынын білу үшін күн сайын (сағат 18.00-ден кейін) белгілі бір күнге босаған орындардың толық тізбесін көрсететін «Бос орындар» бюллетенін қарауды ұсынады.

Қайта шығарылған орындарға жолдамаларды алу таңғы 7:00ден бастап қол жетімді болады, келесі күндері сол орындарға жолдаманы тәуліктің кез келген уақытында алуға болады. Бұл ретте, үш жұмыс күнінің ішінде орын алу үшін басым қолжетімділікке осы күні қанша бос орын шығарылған болса, сонша бала ие болады. Егер, басым қолжетімділік үшін бөлінген уақыт өткеннен кейін де бос орындар болса, кезекті басқару жүйесі осындай орындарға тиісті кезектегі барлық өтініш берушілер үшін қолжетімділікті ашады (кезекте тұрған реттілікті есепке алмай, барлығына бір мезетте ашылады).

© 2026. КГКП Детский сад "Кораблик" отдела образования города Темиртау управления образования Карагандинской области