Іс-шара барысында балалар ересектермен бірге «Сақина салу», «Резеңке», «Ондық» және «Қағып алу» ойындарын қызығушылықпен ойнады. Балалар ойындарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі сәттерге куә болды. Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді.
