Болашақ қорғаушыларымыз өздерін нағыз батырлар ретінде көрсетті, кедергілер жолағынан ептілікпен өтіп, нысанаға дәл тигізіп, арқан тартыста ұйымшылдық танытты. Ал қыздар белсенді түрде жанкүйер болып, көңілді әндерімен қолдады. Барлық әкелерді, аталарды, болашақ қорғаушыларды мерекемен құттықтаймыз. Бейбіт аспан үшін алғысымыз шексіз.
