Көңілді Дымбілмес бүлдіршіндермен бірге ойнап, көңіл көтеріп, шынайы мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Балалар үшін ерекше сыйлық – «Мысық Барсик мектепке барады» атты ертегі болды. Жас көрермендер кейіпкерлердің қызықты оқиғаларын үлкен қызығушылықпен тамашалап, көптеген жарқын әрі қуанышты әсер алды.
Жаңа оқу жылы тәрбиеленушілерімізге көптеген қызықты жаңалықтар, жаңа білім, жарқын жетістіктер мен бақытты сәттер әкелсін!
