Балалар кітапханамен танысып, оның мақсаты мен кітапханадағы өзін-өзі ұстау ережелері туралы білді. Содан кейін ертегілер әлеміне қызықты саяхатқа аттанды.
Мектепалды тобының тәрбиеленушілері ертегі кейіпкерлерін қызығушылықпен тауып, сүйікті шығармаларын еске түсіріп, кітаптың ғажайып әлемімен танысты.
Осындай кездесулер балалардың дүниетанымын кеңейтіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады және балабақша мен мектеп арасындағы маңызды сабақтастықты нығайтады!
