Бүгін «Жұлдызша» тобында қызықты тәжірибе өткізілді — балалар арнайы аппараттың көмегімен тәтті мақта жасады. Олар үдерісті қызығушылықпен бақылап, зейінін, қиялын және ұсақ моторикасын дамытты. Топта көңіл күй көтеріңкі болып, тәтті мереке иісі сезілді!