Оқыту балаларға ережелерді меңгеру мен алғашқы жүрістерді жасау қызықты болуы үшін ойын түрінде өтуде. Балалар ойын тақтасын ажыратуды, дойбы тастарын дұрыс орналастыруды, өз әрекеттерін ойластыруды және жүріс кезегін сақтауды үйренуде. Мұндай сабақтар зейінді, логикалық ойлауды, есте сақтауды және шешім қабылдай білуді дамытады.
Алғашқы ойындар балалардың үлкен қызығушылығын тудырып, олар үшін үйренуге, қарым-қатынас жасауға және ойыннан қуаныш алуға тамаша мүмкіндік болуда.
