Бүгін балабақшамызда Оқу сауаттылығы апталығының бесінші күні ерекше көңіл күймен, қызықты да мазмұнды сәттерге толы өтті.
Балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, түрлі шығармашылық тапсырмаларға белсене қатысты: «Ертегіні құрастыр» — қиялдарын ұштап, өз ертегілерін құрастырды. «Менің сүйікті ертегілерім» — сүйікті ертегілерімен бөлісіп, әсерлі әңгімелер айтты. «Сиқырлы қапшықтағы оқиға» — тосынсыйға толы тапсырмалар арқылы қызықты оқиғалар ойлап тапты. «Бір сурет – көптеген оқиға» — бір суретке қарап, сан алуан оқиғалар құрастырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. «Кітап кейіпкерлерін бояймыз» — сүйікті кейіпкерлерін түрлі түстермен безендіріп, қиял әлеміне саяхат жасады. Балалардың жүзіндегі қуаныш, қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігі бүгінгі күннің ерекше өткенін көрсетті. Кітап — білімнің қайнар көзі, қиялдың қанаты, достықтың алтын көпірі! Кітап оқуға деген сүйіспеншілік балалардың жүрегінде кішкентай кезінен қалыптаса берсін! #ОқуСауаттылығыАпталығы #КітапДостардыБіріктіреді #БалабақшаӨмірі #ЕртегілерӘлемі #КітапОқу
