«Халықаралық мүгедектер күні» аясында «Кораблик» бөбекжайында «Басқаның көзімен қараған әлем» күні өтті
- Толығырақ
«Халықаралық мүгедектер күні» аясында «Кораблик» бөбекжайында «Басқаның көзімен қараған әлем» күні өтті. Таңғы шеңбер барысында балалар «Көру және есту қабілеті жоқ адамдар қалай өмір сүреді?» деген сұрақ төңірегінде ой қозғап, мысалдар арқылы жаңа білім алды.
«Мен сияқты әлемді сез», «Қараңғылықтағы әлем» және «Дыбыссыз әлем» атты ойын-эксперименттер ұйымдастырылып, балалар қоршаған ортаны басқа қырынан сезінуге тырысты.
Көркем шығармашылықпен ұйымдастырылған іс-әрекетте балалар «Менің мейірімді ісім» және «Досыма сыйлық» атты қолөнер бұйымдарын жасады.
Осы іс-шаралар арқылы балаларға мүмкіндігі шектеулі адамдарға төзімділікпен және құрметпен қарауды қалыптастыру көзделді.
©
2026.
КГКП Детский сад "Кораблик" отдела образования города Темиртау управления образования Карагандинской области
