Бұл күні балалар қонақтарға өз қолдарымен жасаған әдемі ашықхаттарын тарту етіп, зор қуанышпен құттықтады. Осылайша олар үлкендерге өздерінің ыстық ықыласы мен көтеріңкі көңіл-күйлерін сыйлады.
Балабақша ұжымы қадірлі қонақтарымызға арнап мерекелік концерт ұйымдастырды. Әсем әндер шырқалып, құттықтаулар мен ақ тілектер айтылып, айнала қуаныш пен мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Кейін барлығымыз бір дастарқан басына жиналып, хош иісті шай ішіп, әңгімелесіп, жылы әрі жайлы ортада бірге уақыт өткіздік. ☕️
Осындай кездесулер балаларды аға буынды құрметтеуге, оларға қамқорлық пен көңіл бөлуге үйретеді. Ал қонақтарымызға балалармен және балабақша ұжымымен жылы қарым-қатынас жасап, қуанышты сәттер мен жағымды эмоциялар сыйлайды.
Осы игі дәстүріміз жалғасын тауып, барлық қатысушыларға тек шуақты көңіл-күй, жылулық пен қуаныш сыйлай берсін! ❤️
Біздің балабақшамызда қарт адамдарды қонаққа шақырып, оларға көңіл бөліп, қамқорлық пен жүрек жылуын сыйлау игі дәстүрге айналды. ❤️
- Толығырақ
©
2026.
КГКП Детский сад "Кораблик" отдела образования города Темиртау управления образования Карагандинской области
