МЕНЮ

 

Тақырыбы: Карта бойынша саяхат

 

Мақсаты: Балаларды Жер шарының моделі – глобуспен таныстыру; «Карта» ұғымының мәнін ашу – жер бетінің жазық қағазда бейнеленуі, оның мақсаты;

Балаларға жер бетінде әртүрлі табиғи жағдайларымен ерекшеленетін аймақтар бар екенін, олардың глобуста және картада әртүрлі түстермен белгіленетінін түсіндіру;

 

Не істеу керек:

Балаңызбен әңгімелесіңіз.

Біз әдемі де алып планетада өмір сүріп жатқанымызды білеміз.

Ол қалай аталады? (Жер)

Ертеде адамдар Жер тегіс, тәрелке сияқты деп ойлаған. Үш пілді, ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде тұр деп сенген… Және олар Жердің шетіне дейін жетуді армандаған.

WhatsApp_Image_2025-05-06_at_16.16.24.jpeg

Бірақ кейінірек саяхатшылар алға қарай жүре берсең, Жердің ешқандай шеті жоқ екенін, қайтадан бастапқы жеріңе оралатыныңды байқаған. Демек, Жер тегіс емес, ол шар тәрізді.

Саяхатшылар өз білімдерін басқаларға айтып берген, яғни оларды үйреткен.

Және басқаларға түсінікті болу үшін, Жердің үлгісін ойлап тапқан – ГЛОБУС.

Сен «модель» дегеннің не екенін білесің бе?

Мысалы, үлкен көліктер бар, ал соның кішкентай көшірмелері – көлік модельдері де болады.

МОДЕЛЬ – бұл үлкен нысанның кішкентай көшірмесі.

Глобус – бұл біздің Жер планетамыздың кішкентай көшірмесі, моделі.

Ол жерге барлық материктер мен төрт шексіз мұхиттар сыйып кеткен.

Түсіндің бе, бұл не екен? (глобус)

Кішкентай глобусты алып, оны бірге қараңдар.

256444274754725.png

Глобус – бұл Жердің кішірейтілген моделі, ол біздің планетамыздың пішінін елестетуге мүмкіндік береді.

Онда Жерде бардың бәрі көрсетілген, тек өте кішкентай түрінде: материктер, аралдар, теңіздер мен мұхиттар, өзендер бейнеленген.

(Балаға глобустан осының бәрін көрсетіңіз)

Біздің Жеріміз – өте үлкен шар. Кәне, оны бірге қарап көрейік.

Глобуста қандай түс көп? (көк)

Қалай ойлайсың, көк түспен не белгіленген? (су)

Түс неғұрлым қою болса, сол жерде теңіз немесе мұхит соғұрлым терең дегенді білдіреді.

Глобуста тағы қандай түстер бар?

Жасыл түс – бұл жазық жерлерді білдіреді.

Қалай ойлайсың, жазық деген не?

Жазықтар – бұл беті тегіс немесе сәл толқынды болатын жер бедерінің кең аумақтары.

Қоңыр түспен не белгіленген?

Қоңыр түс – бұл таулар. Түс қаншалықты қою болса, таулар соғұрлым биік.

Сары түс нені білдіреді?

Сары түспен глобуста аласа төбелі жерлер мен шөлдер белгіленеді.

Өлеңді оқып, глобустан балаға «Экваторды» көрсетіңіз:

Жер шарының дәл ортасын

Екі тең бөлікке бөлетін

Сызық бар – ол Экватор,

Онсыз оңтүстікті, солтүстікті

Ажыратып білу қиын.

Жоғарыда – солтүстік,

Төменде – оңтүстік –

Солтүстік полюс

Экватордан, досым, білдік!

WhatsApp_Image_2025-05-06_at_16.17.24.jpeg

Глобустар үлкен де, кіші де болады, бірақ оларды сапарға алып жүру қолайсыз. Сол үшін КАРТА бар – біздің планетамыздың жазық бейнесі.

Өлеңді оқып беріңіз:

Карта – глобустың қарындасы,

Жазық келген қыз ғой өзі.

Картаны жайып салуға,

Немесе қабырғаға ілуге болады.

Сапар шексең, көмекші:

Бүктеп қойсаң – еш қиындық жоқ мүлде!

Назар аудар, бұл – біздің Жер планетамыздың дәл сол беті, тек жазық қағаз бетіне сызылып көрсетілген.

Физикалық карта

 WhatsApp_Image_2025-05-06_at_16.18.05.jpeg

 

 

Географиялық карта – бұл да Жердің моделі, тек жазық түрде!

Картаны өзіңмен бірге алып жүру өте ыңғайлы, ал глобусты алып жүру қиын.

Картаға қарап адамдар саяхаттай алады, қай бағытқа бару керек екенін анықтайды: солтүстікке ме, оңтүстікке ме, батысқа ма, әлде шығысқа ма.

Картадан не көріп тұрсың? (глобустағы сияқты: жазықтар, таулар, шөлдер, теңіздер мен мұхиттар)

Қара, картада материктер көрсетілген.

Материктер – бұл судың ортасында орналасқан, көтеріңкі ірі құрлықтар, оларды континенттер деп те атайды. Барлығы алты материк бар:

(Балаға көрсетіңіз) Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Еуразия,

Аустралия, Антарктида

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма: Балаға ойнауды ұсынып, материкті пішіні (контур) бойынша анықтауды сұраңыз.

- Дұрыс: бұл Африка, Австралия и Оңтүстік Америка.

 286282886.png

Карталар әр түалі болады.

WhatsApp_Image_2025-05-06_at_16.18.55.jpeg

Міне, біздің қолымызда балалар картасы, онда сол жерде мекендейтін жануарлар мен балықтар бейнеленген.

Тапсырма:

Балаға қарап, жануарлардың қай материкте тіршілік ететінін атауды сұраңыз.

Ересектерге арналған карталарда мұндайды таба алмайсың.

Ал тағы бір түрі бар карталарда әлемнің барлық елдері көрсетіледі.

WhatsApp_Image_2025-05-06_at_16.19.26.jpeg

Біз қайда тұратынымызды таба аламыз. Біздің еліміз қалай аталады? (Қазақстан)

Әлем картасынан оны табуға тырысыңыз. (егер бала қиналса, көрсетіңіз)

Әлем картасын белгілі бір аймаққа саяхатқа алып жүру өте ыңғайсыз, сондықтан адамдар уақыт өте келе әрбір елдің жеке картасын жасады.

WhatsApp_Image_2025-05-06_at_16.20.02.jpeg

WhatsApp_Image_2025-05-06_at_16.20.24.jpeg

Тапсырма:

Балаға Қазақстанның астанасын, оған таныс қалаларды және оның тұратын қаласын көрсетіңіз. Бұл қаладағы қандай жер бедері (мәселен, жазық, тау, өзен және т.б.) бар екенін сұраңыз.

WhatsApp_Image_2025-05-06_at_16.20.59.jpeg

Тапсырма:

Балаға Қазақстанның облыстарының картасын көрсетіңіз. Оның тұратын қаласын осы картадан табуды ұсыныңыз. Сіздер тұратын облыстың атауын сұраңыз.

Бекіту:

Балаға келесі сұрақтарға жауап беруді сұраңыз:

Глобус деген не?

Карта деген не?

Картада өзендер, теңіздер мен мұхиттар қандай түспен белгіленеді? Жасыл, ақ, қоңыр және сары түстер не білдіреді?

Біздің планетамыздың пішіні қандай?

 WhatsApp_Image_2025-05-06_at_16.21.21.jpeg

 

 

Тапсырма:

Ойынды басып шығарыңыз және баламен бірге қуанышпен саяхаттаңыз.

Тапсырма: Карта бойынша: баладан Қазақстанның белгілі бір аймағының қандай байлықтарымен танымал екенін анықтауды сұраңыз.

WhatsApp_Image_2025-05-06_at_16.22.27.jpeg

 

© 2025. КГКП Детский сад "Кораблик" отдела образования города Темиртау управления образования Карагандинской области